EXPO-2017

М.Шибұтов: Қоғамдық кеңестерді құру – демократияландыруға бағытталған қадам

Қоғамдық кеңестерді құру – демократияландыруға бағытталған қадам, деді Қазақстандағы шекаралық ынтымақтастық қауымдастығының директоры Марат Шибұтов «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында.
Астана қаласы26 Қаңтар , 16:14

«Осы жылдан бастап қоғамдық кеңестер іске кірісті, оған сәйкес заң да өз күшіне енді, сайлаудың өтуі Қазақстанда демократияландыруға жасалған тағы бір қадам екенін байқатады», - деді ол.

Саясаттанушы айтып өткендей, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы қоғамдық кеңестердің алғашқысы ретінде өте жақсы мысал көрсетті.

«Компания өте тиімді қадам жасады. Қоғамдық кеңестің құрылуы ұлттық компаниялар мен қоғамның қалауын ескеріп, ақпаратты белгілі аудиторияға жеткізе алады», - деді ол.

Сарапшының айтуынша, кеңес айына бір рет жиналады.

Айта кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ жанынан құрылған Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы барысында оның төрағасы қызметіне Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов сайланды.

Индира Кауметова

 

 




Яндекс.Метрика