Парламент

ОСК сайлау күні көрсетілетін дауыс беру үрдісі жайында ақпараттық фильм дайындауда

Орталық сайлау комиссиясы сайлауға қатысушыларды әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуде. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті мен мәслихаттарының сайлауын әдістемелік қамтамасыз ету мәселелеріне арналған брифинг барысында ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова мәлімдеді.
Астана қаласы26 Қаңтар , 16:07

«Азаматтарды ақпараттандыру тиімділігін арттыру және олардың сайлауға қатысу құқықтарын қамтамасыз ету үшін ОСК-ның тапсырысы бойынша республикалық телеарналарда, радиода және танымал деген аумақтық телеарналар эфирінде сайлау науқаны бойы көрсетіліп, дыбысталатын ақпараттық бейне және дыбыс роликтері әзірленіп жатыр», - деп мәлімдеді Т.Охлопкова.

Және де ОСК мүшесінің хабарлауынша, учаскелік сайлау комиссиялары үшін «Сайлау күні дауыс беру рәсімдері туралы» арнайы оқытатын фильм әзірленеді. Ол елдің барлық аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларына жіберіледі.

Атап өтсек, сайлау науқаны аясында барлығы 107 Мәжіліс депутаты сайланбақ. Оның 98-і партиялық тізім бойынша болса, 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланады. Жергілікті билік органдарына 3335 барлық деңгейдегі мәслихат депутаты сайланбақ, оның 550-і облыстық, 625-і қалалық және 2160-ы аудандық мәслихаттарға сайланады.

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылдың 20 наурызына белгіленсе, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 21 наурызда өткізіледі. Ал мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы 2016 жылдың 20 наурызына белгіленді.

 




Яндекс.Метрика