Парламент

С.Жүкенбаев: Сайлауға дайындық жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуде

Сайлауға дайындық жұмыстары қатаң түрде ҚР заңнамаларына сәйкес жүргізілуде, деп Петропавл қаласының №9 сайлау окугінің төрағасы Серікбай Жүкенбаев Strategy2050.kz берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы26 Қаңтар , 16:37

«Біздің сайлау округімізде 4 аумақ бар. Петропавл қ. мәслихат сайлауына дайындық жұмыстары жоғары дәрежеде атқарылуда. Менің мамандығым заңгер, және барлық ережелерді жақсы білемін. Бізге  бөлме, адам, технология, байланыс берілді. Әкімшілікпен толықтай қарым-қатынас орнатылған»,-деді С.Жүкенбаев.

Оның айтуы бойынша, Петропавл қ. №9 сайлау округіне қала мәслихатында  депутатық орынға бірде бір үміткер тіркелген жоқ.  Алайда, бұрыңғы сайлаудың тәжірибесі көрсеткендей, бұл қарапайым тәжірибе. Кандидаттар өздерін сайлау алдында болатын агитациялардан кейін ұсынатын болады.

«2012 жылы болған сайлауда 5 кандидат үміткер болды. Кейінірек 3 кандидат сайлауға қатысуға бас тартты.  Соңында біздің сайлау округі бойынша қатысқан бір үміткер мәслихат құрамына өтті»,-деді С.Жүкенбаев.

Индира Қауметова

 




Яндекс.Метрика