Парламент

ҚР ОСК-да сайлау учаскесінен тыс дауыс беру тәртібі түсіндірілді

Орталық сайлау комиссиясының мекемесінде Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихат депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын өткізуді ақпараттық қамту мен әдістемелік қамтылуы бойынша кеңес өтті. ҚР ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова сайлауға дауыс беруді азаматтар қалай жүзеге асыратыны туралы ақпарат берді.
Астана қаласы26 Қаңтар , 15:52

Т.Охлопкова айтып өткендей, аталмыш қосымшалар ОСК үндеуінде толық жазылған.

«Орталық сайлау комиссиясының маңызды міндеттерінің бірі сайлау науқанына қатысушыларды құқықтық оқыту болып табылады. Оның  ауқымында әдістемелік қамтамасыз етуге айрықша назар аударылады. Біз алғаш рет  дәл осы мәселеге байланысты брифинг өткізіп отырмыз. ҚР Орталық сайлау комиссиясының еліміздің барлық сайлаушыларына арналған үндеуіне де ерекше назар аудартқым келеді», - деді ол.

ҚР ОСК мүшесі сайлауды қай жерде жүзеге асыру керектігі  мәселесіне назар аударды.

«Сайлаушы тұрақты тіркелген жерінен тыс елді мекенде болса, онда 18 ақпаннан кешіктірмей, уақытша болатын жеріндегі әкімдікке сайлау күні өзінің дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. Сонымен қатар сайлаушы өзінің елді мекенінен тысқары жерге кететін жағдайда, 4 наурыздан бастап 19 наурыз күнгі сағат 6-ға  дейінгі кезеңде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін өзінің тіркелген жері бойынша сайлау учаскесінен алып, кез келген сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Бір елді мекеннің шегінде дауыс беру үшін есептен шығару куәліктері берілмейді», - деді Т.Охлопкова.




Дерекнама

Яндекс.Метрика