Парламент

Парламенттік сайлау елдегі саяси партиялардың жүйесін әрі қарай дамытады

Парламенттік сайлау елдегі көппартиялық жүйені әрі қарай дамытуға ықпал етеді. "Парламенттік сайлау - 2016": жаңа мақсаттар мен мүмкіндіктер" тақырыбын арқау еткен дөңгелек үстелде Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жетекшісі Алуа Жолдыбалина осындай пікір білдірді.
Астана қаласы26 Қаңтар , 15:34

"Жаңа ойын ережелері мен әдістерді, саясат жүргізудің жаңа құралдарын талап ететін жаңа геосаяси, геоэкономикалық шынайылықта өмір сүріп жатырмыз. Бұл ретте мемлекет, азаматтар тарапынан бірлескен тиімді жұмыс атқарылуы тиіс. Сонымен қатар, жедел түрде шешім қабылдауды, институционалды жаңартуды, мемлекеттік органдар тарапынан үйлесімді іс-әрекетті қажет етеді", - дейді А.Жолдыбалина.

Сарапшының пайымдауынша, парламенттік сайлаудың үлкен мән-маңызы бар. Оның атап өтуінше, сайлауды саяси процесс ретінде қарастыратын болсақ, оның бірнеше ықпал етуші факторлары бар.

"Біріншіден, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделері көрініс табады. Екіншіден, әрбір сайлау мемлекеттік билікті қалыптастыру әдісі болып табылады. Үшіншіден, азаматтардың саяси әлеуметтенуі және жұмылуы байқалады", - дейді ол.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика