Парламент

К.Омаров: Мерзімінен бұрын болатын сайлау Қазақстанның экономикасын тұрақтандырады

Қазақстан Парламентінің жаңарған құрамы ҚР Президентімен ұсынылған Ұлт жоспарын іске асыру бойынша жедел түрде заңдарды қабылдайтын болады. Бұл жөнінде Olke.az ақпараттық-талдамалық порталдың бас редакторы Кавказ Омаров Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Әлемде 26 Қаңтар, 15:49

«Менің ойымша, Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихатта өтетін мерзімнен бұрын сайлау экономиканың жағдайын жақсартуға септігін тигізеді. Өйткені Парламенттің жаңарған құрамы Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында жедел түрде заңдарды қабылдайтын болады. Жаңа депутаттар өздерінің жаңа идеяларымен Үкіметке қосымша ынта бере алады»,-деді сарапшы.

«Менің ойымша,Президент Парламенттің мемлекеттік басқару жолындағы бағыты мен министрлерге бақылау жұмыстарын күшейтеді.  Егер дамыған елдердің тарихына көз жүгіртетін болсақ, олар басқа түскен экономикалық дағдарыс, қиын жағдайлар кезінде болған мәселелерді бірлесіп шешкен. Дағдарыс күндері, әсіресе кез келген Үкіметке бірлесіп жасаған жұмыс тұрақтылық пен азаматтық келісімді алуға көмегін береді»,-деді К. Омаров.

Индира Қауметова

Сурет жеке мұрағаттан алынды 





Яндекс.Метрика