Парламент

А.Сәдуақасова: Қазақстандықтар мерзімінен бұрын сайлауды өткізу экономикалық жағдайды шешуге бағытталғандығын түсінеді

Қазақстандықтар мерзімінен бұрын сайлауды өткізу экономикалық жағдайды шешуге бағытталғандығын түсінеді, деді «Қоғамдық тұғыр» зерттеу институтының атқарушы директоры Айгүл Сәдуақасова ОКҚ-да.
Астана қаласы26 Қаңтар , 15:01

«Қаңтарда біз 1200 респондент тарттық, олар сайлауға қатысты өз пікірлерін білдірді. Қазақстандықтардың 93,6 пайызы мерзімінен бұрын сайлау өткізу уақытылы деп есептейді. 92% - Елбасының шешімін қолдайды. Респонденттердің сауатты, жоғары білімді бар тобы сайлау парламенттің біліктілігін арттыра түседі деп оайлайды. Бұл орынды қабылданған шешім», - деді ол.

Айта кетейік, 20 қаңтарда ҚР Парламентінің Мәжілісінің бесінші шақырылымын  тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа  қол қойды. Жарлыққа сәйкес, сайлау 2016 жылдың 20 наурызында өтеді. 




Яндекс.Метрика