EXPO-2017

А.Есімов ЭКСПО-2017 нысаны құрылысының бюджетін оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізеді

ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысы бюджетіне оңтайландыру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз, деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қоғамдық кеңес отырысында.
Астана қаласы26 Қаңтар , 13:54

«Біз бюджеттің шығынын бақылауда ұстауымыз қажет. Бүгін біз ЭКСПО-2017 нысаны құрылысының бюджетін оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді ол.

А.Есімов атап өткендей, 78 млрд теңгені Елбасы қолдады, қазір жобаның іске асуын сақтай отырып бюджетті оңтайландырудың жаңа ұсынысын енгізу қажет.

Оның айтуынша, оңтайландыруға қарамастан барлық жұмыс орындары сақталады.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика