EXPO-2017

Бес ай ішінде ЭКСПО-2017 құрылысына 240 отандық кәсіпорын жұмылдырылды

Соңғы бес ай ішінде көрме құрылысына 240 отандық кәсіпорын жұмылдырылды, деп «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Астанадағы Қоғамдық кеңестің бірінші отырысында айтып өтті.
Астана қаласы26 Қаңтар , 13:46

«Біз құрылыс жұмыстарында отандық кәсіпорындар қатысқанын қалаймыз. Барлық Қазақстанның аймақтары құрылыста қатысуда. Соңғы бес ай ішінді ЭКСПО-2017 құрылысына 240 отандық кәсіпорын  жұмылдырылды. Олар 32,3 млрд теңге көлемінде тапсырыс алды. Ал 11 млрд теңге қызмет көрсетуге жұмсалады»,-деді А.Есімов.

Компания басшысының сөзі бойынша, осы жылдың қазан айында құрылыс жұмыстары аяқталып,  нысаналар толықтырылуға берілуі тиіс.

«Қыркүйек айында құрылысты аяқтап, тақырыптық павильондарды ұлттық контентпен толықтыруымыз керек»,-деді ол.

Индира Қауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика