Парламент

ҚР ОСК-да Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихат сайлауын өткізуге толық дайын екендігі мәлімденді (ФОТО)

2016 жылдың 20 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. ҚР Президентінің қаулысына орай партиялық тізім бойынша сайланатын ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының мезгілден бұрын сайлауы 2016 жылдың 20 наурыз айында өткізіледі.
Астана қаласы 26 Қаңтар, 12:23

Сайлау алдындағы науқан, кешегі Жарлықты қабылдағаннан кейін басталды. Президент Парламент өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату туралы ұсынысқа нақты түсінік берді. Депутаттардың бұл бастамасын қоғам жақсы қабылдап, нақты іс-шаралар баяндалды. 21 қаңтар күні Орталық сайлау комиссиясының өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың айтуынша, ОСК 20 қаңтарда негізгі шаралардың күнтізбелік көрсеткіші бекітілді.

Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығын туралы заңға сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын саяси партияларға тиесілі, ал Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Ассамблея кеңесінде сайланады.Кандидаттар партиялық тізім бойынша ұсынылып, партия съездерінде қалыптасады. Парияларға уақыт 8-ші ақпанға дейін берілді. Содан кейін тіркеу жұмыстары жүргізіліп, 20-шы ақпаннан бастап сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі»,-деді ол.

ҚР ОСК сайлау науқанының жүруі мен алдын ала шаралары бойынша басты ақпарат көзі болып отыр. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттың мерзімінен бұрын сайлауына дайындығы туралы айтып берді.

«Қазір сайлау учаскелері мен сайлау округтерінің шекараларын анықтау  үрдісі жүруде.  Осы аптаның соңында ол аяқталады. Бұл ақпарды қандай БАҚ-та жариялау қажет деген сұрақ туындап жатады. Бұны заң қарастырмаған. Заң бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпаратты өңдейді», - деді ол.

Ол атап өткендей, комиссия мүшелері сайлау науқанында толығуы мүмкін. Сондықтан күтудің қажеті жоқ. Жоғарыдағы сайлау комиссиясы аталмыш бос орынға  кеңесші дауыс беру құқығы бар адамды тағайындай алады», - деді ол.

«Заңнамаға сәйкес, саяси партиялар  кеңесші дауыс құқығы бар мүшелерді  электоральді кампанияға  тағайындай алады.  Комиссия мүшелеріне айтқым келетін, кеңесші дауысқа ие адамды таңдағанда заң нормаларын сақтауға аса көңіл бөлулеріңізді сұраймын», - деді ол.

ҚР Президентінің қаулысына орай партиялық тізім бойынша сайланатын ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының мезгілден бұрын сайлауы 2016 жылдың 20 наурыз айында өткізіледі. Қазақ халқы Ассамблеясында сайланатын ҚР Парламент Мәжілісінің мезгілінен бұрын өтетін сайлауы а.ж. 21 наурызында өтеді. Сондай ақ, ОСК 2016 жылдың 20 наурызға барлық деңгейдегі мәслихаттар депута

Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттың мерзімінен бұрын сайлауының үндесуіне орай В.Фоос «бұл сайлаулар біріккен бірінші электоральді кампания емес. Бірінші кезекте, бұл шығынды қысқартады. Егер барлығы жоспар бойынша жүзеге асса, ешқандай апроблема туындамайды» деді ол.

Сондай-ақ, ОСК мәліметінше, Қазақстан бойынша сайлау учаскесі 9440 ал шетелде 65.

Қорытындысында ОСК Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихатта мерзімінен бұрын сайлау өткізуге дайын деп айтуға болады. 

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика