EXPO-2017

А.Есімов: 2016 жылдың соңына дейін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуды 100 ел растайды

2016 жылдың соңына дейін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуды 100 ел растайды деп күтілуде, деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қоғамдық кеңес отырысында.
Астана қаласы26 Қаңтар , 12:49

«Аталмыш жоба өте ауқымды, біздің мемлекетке  маңызы зор. Бұл жобаға Елбасы Н.Назарбаев қалай назар аударатынын білесіздер, мен бұл компанияда 5 ай жұмыс істеп жатырмын. Осы уақыт аралығында көптеген елдерде болдым, алда өтетін көрмеге көптеген елдер қызығушылық танытып отыр, қазір 70 ел мен 13 халықаралық ұйы қатысуларын ресми түрде растады», - деді ол.

Оның айтуынша, Қоғамдық кеңес мүшелерінің құрамында Қазақстанның әр саласының өкілдері бар.

«Біз өз жұмысымызды есепті түрде жүзеге асыруымыз қажет. Өкінішке қарай, біздің тарихымыз көңілге  қонымды, көрменің имиджіне нұқсан келтіретін жағдайлар қажет емес», - деді ол.

«Жыл соңына дейін 100 ел көрмеге қатысуын растайды. Өз қатысуларын Ұлыбритания, Франция, Германия, Шыейцария растады», - деді А.Есімов.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика