EXPO-2017

Елордалық гид-экскурсоводтар «Recommended by EXPO-2017» бағдарламасына қатыса алады

Астанада гид-экскурсоводтарды «Recommended by EXPO-2017» серіктестік бағдарламасына енгізу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы26 Қаңтар , 17:54

Елордалық экскурсоводтарға қала серіктесі мәртебесін беру бағдарламасының негізгі мақсаты шынайы ақпаратты ұсыну қызметінің сапасын арттыру болып табылады. Бағдарламаны іске асыру шетелдік қонақтарға Астана мен Қазақстан туралы барлық қажетті ақпаратты халықаралық стандарттар талаптарына сай экскурсоводтардан алуға мүмкіндік береді.

" Серіктестік мәртебесі Астана қаласының кепілі және гидтің барынша сапалы қызмет көрсетуінің белгісі. Біз бағдарлама аясында барлық қойылған талаптарға сай келетін гид-экскурсоводтардың бірыңғай тізілімін жасаймыз. Олар дұрыс әрі шынайы ақпарат ұсынатын болады, шет тілдерін жақсы меңгереді және т.б", – деді «Астана Конвенш Бюро» өкілі Айнұр Жанабілова.

Талқылаудың қорытындысы бойынша жұмыс тобына қатысушылар – «Recommended by EXPO-2017» бағдарламасын ұйымдастырушылар, туризм саласының, елорданың білім және мәдениет мекемелерінің өкілдері – гид-экскурсоводтарды бағалау бойынша тиісті талаптар әзірледі. Бұл ұсыныстар «Recommended by EXPO-2017» бағдарламасының комиссиясымен қаралады. Гид-экскурсоводтар бағдарламаға қатысуға өтінімді жеке және ұйымның атынан ұсына алады. 

 




Яндекс.Метрика