Адами капитал

Степногорсктің әскери бөлімінде 79 шақырылушы ант қабылдады (ФОТО)

Степнагорсктің 3517 әскери бөлімінде мерекеліс іс-шарада Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысынан келген 79 жас жауынгерлер Отанға қызмет етуге ант берді, деп қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ақмола 26 Қаңтар, 17:23

Әскери ант берудің салтанатты шарасы Жауынгерлер Туын шығару мен ант берудің салтанатты сөздерімен басталды: «... Конституция мен егемен еліміздің заңдарын сақтап, Қазақстан халқы мен Президентке қызмет етуге ант беремін. Маған жүктелген міндеттерді орындауға ант беремін...  ».

Әскер қатарына жаңадан қабылданғандар  мен олардың ата-аналарын бөлім командирі, майор Жарқын Сапарьянов құттықтап, балалардың Отан алдында лайықты қызмет етіп шығатынына сенімін білдірді.

Әскери ант қабылдауға арналған салтанатты кешке жас жауынгерлер мен олардың ата-аналары, туған-туыстары, сондай-ақ Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев қатысты.

Қала басшысы, жас жауынгерлерді құттықтап, бүгінгі ант қабылдау күндері оларға ерекше күн екендігін айтып өтті.

Ә.Күмпекеев: «Қасиетті парыз- бұл жәй ғана айтылған әдемі сөздер емес, ол сал-дәстүр, патриоттық сезімді оятатын тәрбие» деп айтып өтті.

«Мемлекет басшысы айтып өткендей, әскери қызметкерлерге олардың әскери дайындықтары маңызды. Біздің еліміздің қорғаныс қабілеттігі келешекте қазақстанның 30 елдің қатарына кіруге септігін тигізеді. Ал, оған жетудің жолы Президенттің «Ұлт жоспары-Қазақстадық арманға бастайтын жол» атты мақаласында нақты айтылған»-деді әкім. Сондай-ақ,  отанға қызмет етуге келген жас жауынгерлерге өз борыштарын ойдағыдай атқарып, үйлеріне аман-есен келулерін тіледі.





Яндекс.Метрика