«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Алматыда 2016 жылы әлеуметтік аз қамтылған халық санатына арналған 2900 пәтер іске қосылады

Алматыда 2016 жылы әлеуметтік аз қамтылған халық санатына арналған 2900 пәтер іске қосылады, деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек ОКҚ-да.
Астана қаласы26 Қаңтар , 12:09

«Қалада «Нұрлы жол» бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында шағын аудандардың сумен қамтылу жағдайы жақсарды», - деді Б.Байбек.

Қала басшысы атап өткендей, әлеуметтік аз қамтылған халыққа арналған баспана құрылысы 2015 жылы 1,7 есеге ұлғайды.

«Бүгінде 25 мың кезекші халық тұр. Жалпы, 5 пайызға тізім көбеюде, бағдарлама жақсы болған соң кезекке тұрушылар қатары өсуде. Өткен жылы 1,7 пайыз баспананы әлеуметтік аз қамтылғандарға бағыттадық. Бұл 2800 пәтерді құрайды. Осы жылы біз 2900 пәтерді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика