Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Б.Байбек: Алматылық метро сағатына 30 мыңнан астам адам тасымалдайды

Алматылық метро сағатына 30 мыңнан астам адам тасымалдайды, деп Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек ОКҚ-да айтып өтті.
Астана қаласы26 Қаңтар , 12:01

«Метро-маңызды жоба. Ол үшін 7 метро бекеті құрылды. Өткен жылы тағы да 10 км шақырымнан астам 2 бекет қосылды. Бүгінгі күні алматылықтар метро жөнінде жақсы пікір қалдыруда. Біз қазір басты проблема, яғни көлік мәселесін айтып жатырмыз. Бізде көліктер көп, метро сағатына 30 мыңнан астам адамды тасымалдайды. Метро өте әдемі және ыңғайлы»,-деді Б.Байбек.

Сонымен қатар, алматылықтар бұл транспорт түрін қуана-қуана қолданады деп айтып өтті.

«Бұған дейін метрода жол билеті  80 теңге болатын, ендігі күні «Оңай» жүйесін еңгізгеннен кейін жеңілдік берілген адамдарға жол жүру 50 пайызға төмендеді. Сол себепті алматылықтар бұл транспорт түрімен қуана-қуана жүреді. Бізге берілген қаражатты жаңа вагондар сатып алуға жұмсадық. Қазіргі күні инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Егер олар сомманы инвестірлесе, біз келешекте метро жүйесін дамытатын боламыз»,-деді Б.Байбек.




Яндекс.Метрика