EXPO-2017

Е.Сыдықов «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып тағайындалды

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Е.Сыдықов тағайындалды. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Астанадағы қоғамдық кеңестің бірінші отырысында айтты.
Астана қаласы26 Қаңтар , 11:57

«Ерлан Сыдықов – қоғамдық саяси қайраткер, біз оны Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры ретінде танимыз. Ол өте лайық үміткер», - деді қоғам қайраткері Артур Платонов.

Дауыс беру барысында қатысушылар Е.Сыдықов кандидатурасын бірауыздан қолдады.

«Е.Сыдықов Қазақстанның ірі университеттерінің бірі – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ін басқарды. Бұл университеттің қалыптасуына Н.Назарбаев аса көңіл бөлген болатын. Аталмыш университет  қазір ғылым мен кадр дайындау саласына жетістікке жетіп, белсенді жұмыс істеуде», - деді А.Есімов.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика