Инфрақұрылымның дамуы

Алматыда 1 млрд теңгеге 150 спорт алаңын ашу жоспарланған

Алматыда 1 млрд теңгеге 150 спорт алаңын ашу жоспарланған. Өткен жылдың күзінде қалада 110 спорт алаңы ашылды, деп хабарлады ОКҚ-да Алматы әкімі Бауыржан Байбек.
Астана қаласы26 Қаңтар , 11:52

«Бүгінде Елбасы айтқандай, жастардың спортпен шұғылдануы өте маңызды. Алматы – үлкен қала. Біз балалар ойын алаңы мен спорт алаңдарының қолжетімділігін арттыруға көңіл бөліп жатырмыз. Күз айларында бизнесті қолдау бойынша 700 млн теңгенің 110 алаңы ашылды. Көктемде 1 млрд теңгенің 150 алаңын ашу жоспарланып отыр», - деді Б.Байбек.

Оның айтуынша,бұл жаңашылдықтарды қалалықтар қуанышпен қарсы алуда.

«Бұл жаңалық қуанышпен құпталды. Қала бағдарламасындағы басты міндет қала тұрғындарына қамқорлық көрсету, алматылықтар өздерін жайлы сезінуі керек», - деді әкім.




Яндекс.Метрика