Өңірлер

Алматыда жергілікті бюджеттен балабақшаларда азық-түлікке кететін қаражатты төмендету үшін 3 млрд теңге бөлінді-әкімдік

Алматыда жергілікті бюджеттен 17 мың осал жерде тұрған балалар балабақшаларына азық-түлікке кететін қаражатты төмендету үшін 3 млрд теңге берілді, деп қала әкімі Байыржан Байбек хабарлайды.
Астана қаласы26 Қаңтар , 11:43

«Көптеген аймақтарда балабақшаларды мемлекет қаражаттандырады, ал тұрғындар 13,5 мың теңгені тамаққа төлейді. Алматыда 5-6 жасқа дейінгі балалардың тамақтануын мемлекет төлейді, ал 3-5 жасқа дейін коммерциялық жағдайда ата-аналар өздері төлейді. Бүгінгі күні айлық шығым өсті, егер ата-аналар 27 мың төлесе, балабақшадағы 1 орын 38 мың тұрады. Ата-аналар балаларын алып кетуде. Бұл жағдайды толығымен қарастырып, шешімге келдік»,-деді Б.Байбек.

Әкімнің айтуынша, жергілікті бюджеттен бөлінген 3 млрд теңге қаражат, азық-түлікке кететін қаражатты  төмендету мақсатында берілген.

«Ата-аналар орташа есеппен алғанда 15 мыңнан төлейтін болады, яғни қаражаттарын 20-21 мыңға үнемдейді. Бұл 17 мың балаларды қамтиды. Бұл өте маңызды сұрақ. Бұл жерде әлеуметтік тұрғын топтарына қолдау көрсетілетін болады. Менің ойымша, бұл Президенттің тапсырысынның орындалуының нақты жолы»,-деді қала бастығы.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика