Инвестициялар

Б.Байбек: МЖС аясында жарты жыл ішінде Алматының жеке бизнесі 30 млрд теңгеге нысандар салады

МЖС аясында жарты жыл ішінде Алматының жеке бизнесі 30 млрд теңгенің нысанын салады. Алғашқы алты айдың ішінде жеке бизнес 30 млрд теңгеге 25 балабақша салады, деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек ОКҚ-да.
Астана қаласы26 Қаңтар , 11:37

«Мемлекеттік жеке-меншік серіктестік  - қаланы дамытудың басты бағыттарының бірі. Бұл орайда біз бюджеттік инвестицияны төмендетуді  қолға алдық, бүгінде кәсіпкерлермен ауқымды жұмыс жасалуда. Алғашқы алты айдың ішінде жеке бизнес 30 млрд теңгеге 25 балабақша салады», - деді Б.Байбек.

«Қазір алматылықтардың табысы коммерциялық балабақшаға баруға мүмкіндік беріп отыр. Біздің мақсатымыз – таңдаудың шекарасын кеңейту. Маңызды шешім – біз жер учаскелерін ұсынамыз», - деді ол.

Жекешелендіруге келетін болсақ, қала әкімі бүгінгі таңда аталмыш үрдіс 76,6 пайыз өтінішті құрағандығын айтты.

«Мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелердегі 2-ден 5 жас аралығындағы .алаларды қамтуға 2,9 млрд теңге бөлінді. Бұл балабақшадағы балаларды қамту, тамаққа арналған шығындардан басқа щлемдерді жүргізуге жұмсалатын қаражат. Осылайша, балалардың ата-аналарына деген ауыртпалықты төмендету арқылы, тек қана тамаққа ғана шығын жұмсауына жағдайлар жасаудамыз», - дейді ол. 




Яндекс.Метрика