Қалаларға шоғырлану

Б.Байбек: Алматыда автобус билеттері қалпына келтірілуі мүмкін

Жергілікті билік органдарына тұрғындардан өтініштердің көп түсуін ескере отырып, Алматыда билет бойынша жүру сұрағы қайтадан қарастырылуда, деп Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек ОКҚ-да айтып өтті.
Астана қаласы26 Қаңтар , 11:21

«Сұрақ «Онай» жүйесіне байланысты. Дұрыс бағыт жасалған. Біз бұл жүйеге кірген бірінші қаламыз. Бүгінгі күні басты сұрақтың бірі, ол- билеттердің жойылуы. Бұл күрделі мәселе болып тұр. Біз нарықтың көлемін көтеру үшін уақыт сұрадық. Бұрындары қаржының қайда және қалай кетіп жатқаны белгісіз болатын.

Бүгін көріп отырғанымыздай, нарық көлемі шамамен 19-20 млрд теңге. Біз сұр экономикадан шығаруға тырысудамыз. Көптен түсіп жатқан өтініштерді қарастыра келе, ертеңгі мәслихатта болатын жиналыста жол жүру билеттерін қалпына келтіру сұрағын қарастыруымыз мүмкін»,-деді Б.Байбек.

Оның айтуынша, кейбір халық тұрғындарына алған жеңілдік қалады.

«Біз білеміз, 7 жасқа дейінгі балалар тегін жүреді, ал мектеп жасындағылар- 1000 теңге, зейнеткерлер-2000 теңге, көп балалы аналар-2000 теңге, және 3000 теңге студенттерге. Бірінші және екінші санаттағы мүгедектер, ҰОС ардагерлері мен соларға теңестірілген адамдар тегін жүру құқығына ие»,-деді Б. Байбек.    




Яндекс.Метрика