Өңірлер

Алматының жалпы өңірлік өнімі 2015 жылы 8,5 трлн теңгеден асты

Алматының жалпы өңірлік өнімі 2015 жылы 8,5 трлн теңгеден асты, деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек ОКҚ-да.
Астана қаласы26 Қаңтар , 11:13

«Алматы елдің ірі мегаполисі, ол ЖІӨ-нің 20 пайызын құрап, мемлекетке салықтың 30 пайызын түсуді қамтып отыр. Қазір біз мегаполис ретінде жеке капитал мен жеке бастамаларды қолдап, бизнестің жұмыс орнын ашқанын қадағалауымыз қажет», - деді Б.Байбек.

Әкімнің айтуынша, Алматының жалпы өңірлік өнімі 2015 жылдың қорытындысы бойынша 8,5 трлн теңгеден асқан.

«Бұл 2,5 есе өсімді көрсетеді. Кейбір жоспарлар бойынша статистика кейін шығады. Ол 3 пайыздық өсімді көрсетуі мүмкін. Екіншіден, бюджет 446,5 млрд теңгені құрады, ол 94,2 млрд теңге өсімін көрсетеді», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика