Ананы қорғау

ЕХӘҚМ ҚР-дағы отбасыларды бала тууға ынталандырудың әлемдік тәжірибесін зерттеуде

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан балалы отбасыларға қолдау көрсетудің әлемдік тәжірибесін зерттеу жұмыстары басталды. Зерттеудің қорытындысы материалдық және материалдық емес ынталандыруды қамтитын шаралар кешенімен жалғастық табады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Астана қаласы12 Қараша , 12:17

«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында көпбалалы отбасыларды қолдау мен бала тууға ынталандыру жүйесін жетілдіру туралы тапсырма бергені белгілі. Осы орайда Қазақстан жағдайына үйрену мен ұлттық ерекшеліктер, экономикалық  дамуды ескере отырып балалы отбасыларға қолдау көрсетудің әлемдік тәжірибесін зерттеу жұмыстары басталып кетті», - делінген хабарламада.

Зерттеудің қорытындысы салықтық жеңілдіктер, медициналық және әлеуметтік жеңілдіктер, еңбек нарығында жаңа мүмкіндіктер ашу секілді материалдық және материалдық емес ынталандыруды қамтитын шаралар кешенімен жалғастық табады.

Қазіргі таңда ана мен баланы әлеуметтік қолдау  жүйесі бірнеше түрлі төлемдерді береді. Бұл босанған кезде бір реттік мемлекеттік жәрдемақы, бір жылға дейінгі балаларды бағу үшін берілетін жәрдемақы, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген  отбасыларына 18 жасқа дейінгі балалары үшін берілетін жәрдемақы.

Сонымен қатар, 2010 жылы көлемі минималды бір айлық табыс мөлшеріндегі  мүгедек балаларды бағып отырған отбасыларына ай сайынғы жәрдемақының  да енгізілгені белгілі.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика