Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Иордания әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды (ФОТО)

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Иорданияға ресми сапармен барды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде26 Қаңтар , 10:36

Оның шеңберінде Иордания мемлекетінің және қорғаныс ведомствосының басшыларымен ресми кездесулер өтті. Кездесуде әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық аясындағы мәселелер талқыланып, өзара іс-қимыл перспективалары белгіленді.

Сапардың басты мақсаты әскери және әскреи-техникалық ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы мен Иорданиялық Хашимит Патшалығының Үкіметі арасында келісімге қол қою болды. Бекітілген құқықтық негіз екі елдің қарулы күштері мен қорғаныс өнекрәсібі арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

Сапар барысында өткен жылдың соңында Елбасы Астанада ашқан «Казахстан Парамаунт инжиниринг» компаниясы заводының өнімі - «Арлан» қазақстандық броньдалған дөңгелекті машиналарды сатып алу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.  Сонымен қатар түнгі көру аспаптарының ОПК-оптикалық аспаптары мен көздеуіштер, 12,7 калибрлі НСВС оқшашарлары және олардың қолданылуымен жауынгерлік модульдер, 3 координаталы РЛС, байланыс құралдары және тағы басқа жарақтарды жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілді. 

Иорданиялық Хашимит Патшалығы ҚК Штабтар бастықтарының Біріккен комитетінің төрағасымен кездесуде қабылдаушы тараптың «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери техниканың IVхалықаралық көрмесіне қатысатыны белгілі болды.

Алдағы халықаралық көрмеде қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ірі жаһандық компаниялардың қару-жарағы мен техникасы ұсынылады. Шараға әскери мақсаттағы жетекші өндіруші елдердің бірқатар ресми өкілдері қатысады деп күтілуде.

Жер шалғайлығы мен қашықтығына қарамастан, екі ел арасындағы экономикалық, әскери-саяси ынтымақтастықты дамытуда үлкен мүмкіндіктер бар екенін айта кеткен жөн. 




Яндекс.Метрика