Өңірлер

2016 жылы Петропавлда 50 көп қабатты тұрғын үйлердің алаңына жөндеу жұмыстары жүргізіледі

2016 жылы Петропавл қаласында 50 көп қабатты тұрғын үйлердің алаңына жөндеу жұмыстары жүргізіледі, жеп СҚО-да тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бойынша аппараттық жиналысында қала әкімі Марат Тасмағанбетов айтып өтті.
Солтүстік Қазақстан26 Қаңтар , 10:19

Оның айтуынша, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу 2020 жылға дейінгі аймақтық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

«2011 жылдан бастап Петропавл  қаласында 148 көп қабатты тұрғын үйге 2,4 млрд теңге көлемінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2015 жылы 6 үйге 136,7 млн теңге көлемінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2016 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінен 20 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 388 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді»,-деді М.Тасмағамбетов.

Оның айтуы бойынша, 2015 жылы 15 көпқабатты үйлердің алаңы мен 3 әкімшілік ғимаратқа жөндеу жұмысы жүргізілді. 2016 жылы 50 көп қабатты үйлердің алаңына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Петропавл қаласының әкімінің айтуынша, жергілікті бюджет есебінен аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үйдің құнын төлеуге тұрғын үй көмегі бар. Бір жыл ішінде бағдарламаны іске асыру барысында 2,5 мың пәтер иелері 155,2 млн теңге көлемінде ақша алды.

Аймақ әкімінің айтуынша, Петропавл қаласында жөнделген тұрғын үй қоры 1041 көпқабатты тұрғын үйді қамтиды.  Қалада 627 басқару қорлары жұмыс істеп, 883 көпқабатты тұрғын үйлерді қамтиды. Қамтылмаған 158 үй тұр.

«Жұмысты үш ай мерзімінде бітіру керек»,-деді әкім.




Яндекс.Метрика