Білім беру

ҚазҰУ мен ММУ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды (ФОТО)

Мәскеу қаласында Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (ҚазҰУ) және М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университеті (ММУ) арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі.
Әлемде 26 Қаңтар, 10:03

Құжат университеттер ректорлары Ғалымқайыр Мұтанов және Виктор Садовничийдің қолдарымен бекітілді.

Келісім студенттер және мұғалімдер арасында алмасу, өзара ғылыми тағылымдамалар өткізу, бірлескен білім беру бағдарламаларды дайындау және оларды іске асыру, академиялық кездесулерді, симпозиумдармен ғылыми мектептерді, бірлескен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және т.б. шараларды қамтиды.

«Қазақстан әріптестерімен біздің ынтымақтастық онжылдықтарға созылып бұрыннан жалғасып келеді.Арамыздағы байланыстарымыз едәуір, біз дос және серіктеспіз. ҚазҰУ түлектері ММУ аспирантурасында оқып және керсінше ММУ түлектері ҚазҰУ аспирантурасында өз оқуларын жалғастыруда. ММУ туған күні Татьяна күнінде келісімге қол қойылғаны, ол бір жақсы ырым.  Жаңа келісім біздің қарым-қатынасқа маңызды түрткі болатынына сенемін», - деді В.Садовничий.

Өз жағынан Ғ.Мұтанов, таңдаулы 300 QS (Ұлыбритания) әйгілі халықаралық рейтингіне ТМД жоғары білім орындарының үшеуі ғана кіргенін еске салып өтті: ММУ, СпбМУ және ҚазҰУ.

«Келісім, Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберінде пайда болған көптеген ғылыми мәселелерді бірігіп шешуге мүмкіндік беретінін», – деп ҚазҰУ ректоры айтып өтті.





Яндекс.Метрика