Өңірлер

Қазақстанда 58 340 нысан жария етілді

Қазақстанда 22 қаңтардағы жағдай бойынша 58 340 нысан, бағалы қағаздар және ақша сомасы 455,3 млрд. теңгеге жария етілді, деп хабарлады Қаржы министрлігі.
Казахстан26 Қаңтар , 09:31

Қазақстан Республикасы экономикасына инвестицияланғаны 42,1 млрд. теңге.

Мүліктерді жария ету жөніндегі  ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы  758,4млрд тг құрайтын  жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 74 236 өтініш (декларациялар) түсті.

Сомасы 562,5 млрд. теңгеге 62 101 тұрғын үй  нысаны,  сомасы 172,7 млрд. теңгеге 32 232 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 7 598 млрд.теңгеге 122,4 коммерциялық  нысаны,  сомасы 4,7 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 25 қатысу үлесі,  сомасы 4,1 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті. Сомасы 14,4 млрд. теңгеге ақша келіп түсті.

58 340 нысан, бағалы қағаздар және ақша сомасы 455,3 млрд. теңгеге жария етілді, соның ішінде (декларацияны тапсыру жолымен) ақша 9,2 млрд. теңге сомасында.

 Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 1044,4 млн тенге құрайтын 38 тұрғын үй нысанын  жария ету бойынша өтініш (декларация) келіп түсті.

Сомасы 972,4 млн. тг құрайтын 32 тұрғын үй нысаны, сомасы 8,3 млн. тг құрайтын   3 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 6,1 млн. тг құрайтын 2 коммерциялық обьекті. сомасы  3,7 млн. тг құрайтын, 3 заңды тұлғалардың  қатысу үлесі; 60,0 млн. тг сомасында бағалы қағаздар;

Сомасы 1044,4 млн. теңгеге 38 нысан   және бағалы қағаздар жария етілді.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика