Парламент

Е.Әбіл: Мәжіліс депутаттарына үміткерлер жоғары санатты заңгерлер мен экономистер болуы керек

Мәжіліс депутаттарына үміткерлер жоғарысанатты заңгерлер мен экономистер болуы керек,деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының экономиканы басқару кафедрасының меңгерушісі Ерлан Әбіл.
Астана қаласы 26 Қаңтар, 09:13

«Бұл орайда логика бар. Қауымның көбі қаржыны экономдау қосымша құрал деп айтады. Негізгісі – Мәжіліске дейінгі кезеңдерді өту қажет. Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихатқа қазіргі жағдайды дұрыс түсінетін адамдар қажет. Ұлт жоспары аясындағы тапсырмалар жаңа идеялы адамдарды қажет етеді», - деді ол.

Ол атап өткендей, Мәжілістің жаңа құрамына бір саланың бірнеше адамын ұсыну тәжірибесінен кетуі керек.

«Мәжілістің жаңа құрамына келетін депутаттар жоғарысанатты заңгерлер мен экономистер болуы керек. Олар өздері қабылдайтын заңды түсінулері керек. Үміткерлер стратегиялық ойлау қабілетіне ие мамандар болуы керек. Халық тұлғаны біліп, сыйлайтындай дәрежеде болуы керек», - деді ол.

20 қаңтарда ҚР Парламентінің Мәжілісінің бесінші шақырылымын  тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа  қол қойды.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика