Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

ОҚО-да 2015 жылы 58 мыңға жуық азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған

Оңтүстік Қазақстан облысының халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі 2015 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес, "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы аясында 40,7 мыңадамды әлеуметтік қолдау шараларымен қамту көзделген, жылдың қорытындысы бойынша 57,8 мыңазамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды, деп хабарлады ОҚО.
Оңтүстік Қазақстан26 Қаңтар , 08:56

Тарқатып айтсақ, әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған азаматтардың 31,1 мыңы өздігінен жұмыспен қамтылғандар болса, 26,8 мың адамы жұмыссыздар қатарынан, оның ішінде 4,3 мыңадамы аз қамтамасыз етілген азаматтар. 

Бағдарлама үш бағыт бойынша жүзеге асырылған.

Бірінші бағыт -  «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» жұмыстары бойынша 29 нысан күрделі және ағымдағы жөндеуден өтіп, бұл жұмыстарға жұмыспен қамту орталықтары арқылы 418 адам жолданған.

Екінші бағыт - «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» жұмыстары аясында           872 азаматқа 2,3 млрд.теңгеге шағын несие беріліп, нәтижесінде несиеленген азаматтар есебінен қосымша 1021 жаңа жұмыс орындары ашылған. Кәсіпкерлік негізінде 108 адам оқып, сертификат алды.

Үшінші бағыт -  «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» аталған бағыт шеңберінде 41 391қатысушыға жұмысқа орналасуына жәрдем берілсе, 178 адам қайта даярлаудан өтіп, тұрақты жұмыспен қамтылған. Әлеуметтік жұмыс орындарына 1645 қатысушы жолданған, ал  жастар практикасын ұйымдастыру шеңберінде 1773 жас маман тұрақты жұмыспен қамтылған. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 10 436 азамат жолданған. 

    

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика