Инвестициялар

Қытай Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына 1 млрд 735 млн доллар құяды

ҚР Ауыл шаруашылығы минилігі бүгін "CITIC", "Rifa Holding Group", "COFCO", "AIJIU" қытай компанияларымен бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды.
Астана қаласы25 Қаңтар , 19:48

Қытайдың жетекші инвестициялық корпорацияларының бірі "CITIC" еліміздің мал шаруашылығы секторын инвестициялауды көздеп отыр. Қазіргі уақытта "Бәйтерек" холдингімен ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша келісім жасалған. Корпорация өнеркәсіптік негізде бордақылау алаңдары мен бройлер құс фабрикаларының құрылысына қаржы құюға әзір.

"AIJIU" қытайлық өнеркәсіптік тобы "Total Impex" кәсіпорнымен бірлесіп СҚО-да майлы және дәнді дақылдарды терең өңдеу бойынша жалпы сомасы 58 млн доллар болатын нвестициялық жобаны іске асырып жатыр. Ал шығыс көршіміздің "COFCO" компаниясы Қазақстанда қызанақ өндірісі мен оны өңдеу бойынша ынтымақтастық орнатуға дайын. Компания "Еуразия Агрохолдингпен" бірлесе қызанақ өсіру мен томат пастасының өндірісі бойынша Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында кластер құруға инвестиция салмақ. Жобаларды бірлесе жүзеге асыру нәтижесінде томат өндірісін 120 мың тоннаға арттыру жоспарланып отыр.

Жалпы, ауыл шаруашылығы саласында Қытай компанияларымен бірлесіп 19 жоба жүзеге асырылады. Бұл жобалардың жалпы инвестициялық құны 1 млрд 735 млн долларды құрайды. 12 кәсіпорын Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарында орналасады, өйткені Қытаймен шекаралас болғандықтан логистика жөнінен бұл маңызды өңірлер болып табылады. Қазірдің өзінде 19 жобаның 9-ы жүзеге асырылып жатыр.




Яндекс.Метрика