Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Шетелдік инвестициялар үшін Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы тартымды

Шетелдік инвестициялар үшін Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы тартымды болып отыр, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.
Астана қаласы25 Қаңтар , 19:34

 «100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына жерді жалға беру мерзімін ұлғайту, салықтық әкімшілікті жеңілдету және шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық преференцияларды беру бөлігіне өзгерістер енгізілді: шетелдік компаниялар үшін жерді жалға беру мерзімі 10 жылдан 25 жылға дейін артып отыр, «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде 30-80% мөлшерінде басым бағыттар бойынша инвестициялық салымдар субсидияланады.

Жағымды инвестициялық климаттын орнауы республикамыздың ауыл шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығының артуына себеп болды. Мәселен, 2015 жылы ауыл шаруашылығы секторына құйылған инвестициялар көлемі 167 млрд. теңгені құрады.

Халықаралық талаптарға сәйкес Қазақстанның ветеринариялық қызметінің жаңғыруы  2015 жылы Қазақстаның 9 облысына Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік  ұйымнан аусылдан аман деген статусқа қол жеткізді, ағымдағы жылдың мамыр айында осындай статусты еліміздің барлық аймақтарына алу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл өз алдына, шетелдік инвесторлар үшін мал шаруашылығының экспортке бағытталған өнімдерін өндіру және қайта өндеуге қаржы салуға сенімділік орнатады.

Мысалы, қытайлық компаниялар Қазақстанда бірлескен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндейтін кәсіпорындарды (ет , май және азықтық дақылдар, томат өндеу зауыттары) және бордақылау алаңдарын құру және қазақстандық өнімдерді әрі қарай экспортке шығаруға қызығушылық танытып отыр.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен (әрі қарай – АШМ) Rifa Holding Group», «Айцзюй», «CITIC» и «COFCO» қытайлық компанияларын «100 нақты қадам» ұлт жоспарына сәйкес (әрі қарай -Жоспар) ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеуді дамытуға стратегиялық инвесторлар ретінде тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«100 нақты қадам» ұлт жоспары шеңберіндегі 61 қадамды жүзеге асыру мақсатында «Евразия агрохолдинг» компаниясы және «Rifa Holding Group» қытай трансұлттық компаниясы аралығында ет кластерін құру бойынша меморандумға қол қойылды.

«Rifa Holding Group» компаниясы Шығыс Қазақстан облысында қуаттылығы жылына 17 мың тона қой және сиыр етін өндіретін ет комбинатының құрылысына және бір мезетте  50 мың бас ҰММ мен 1000 бас ІҚМ бордақыланатын бордақылау алаңдарына қаржылай инвестиция салуға шешім қабылдады. Кәсіпорынның 80% өнімі Қытайға экспортталуға бағытталатын болады. Жобаның жалпы құны 7,9 млрд.тг бағаланады. «Rifa Holding Group» жобаға қатысу үлесі 49% құрайды.

Сонымен бірге, компания қазақстандық ет өндіретін бірнеше компаниямен ынтымақтастық орнатуға дайын. Қазіргі таңда «Rifa Holding Group» компаниясының өкілдері Ақтөбе облысындағы «Актеп», Қостанай облысындағы «Север Агро-Н» және Алматы облысындағы «Архарлы майбуйрек» қазақстандық компанияларға аудит жасады.

Анықтама ретінде:  «Rifa Holding Group» компаниясы әлемде арнайы жабдықтарды өндіру және сатумен белгілі, соның ішінде тоқыма өнеркәсібі саласында. Компания ауыл шаруашылығы саласында бизнесін 2000 жылдардын басында бастап, казіргі таңда Қытай, Австралия және Аргентина елдерінде ет өндіру және қайта өндеу саласында жұмыстар атқаруда. Компания «Евразия агрохолдинг» компаниясымен бірлескен жоба аясында қазақстандық органикалық сиыр және қой етін Қытай нарығына шығаруға мудделі.

Қытайдың инвестициялық жетекші корпорацияларының бірі «CITIC» Қазақстанның мал шаруашылығы секторын инвестициялауға мүдделеніп  отыр. Қазіргі кезде «Бәйтерек» Холдингімен ауыл шаруашылығында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға келісімдер қол қойылды. Корпорация өнеркәсіптік негізде және бройлер құс фабрикасы бағытында бордақылау алаңдарын салуға мүдделеніп отыр.

 




Яндекс.Метрика