Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

ҚР ҚК үшін қазақстандық броньды автомобильдің жаңа түрін дайындауда

Қазақстанның Қарулы Күштерін қазақстандық өндірістің броньдалған техникасының жаңа түрімен қамтамасыз етеді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Астана қаласы26 Қаңтар , 08:37

«Барыс» 6х6 броньдалған дөңгелекті машинасы – «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС отандық зауытымен әзірленген өнім. ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әскери техниканың осы типіндегі қажеттілігі кезінде броньды машина өндіріске енгізілуі мүмкін және қазақстандық армия әскери техникасының арсеналын толықтырады.

3 STANAG деңгейіндегі броньдалған корпус жерүсті миналардан, қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардан, бүйірлі жарылыстар мен ҚТГ-ның шабуылдарынан қорғанысты қамтамасыз етеді.  22,5 тонналы салмақтағы мобильді және шиналарға байланысты 110 км/с дейін жылдамдықты үдете алады.  Машина броньды транспортер немесе ПКТ-ның қосарлама оқшашарымен автоматты зеңбірегі бар жауынгерлік модульді орнату кезінде жаяу әскердің жоғары тиімді жауынгерлік машинасы ретінде қолданылады.

Машинада жүргізушіге, командирге, көздеушіге және қару, оқ-дәрілері мен керек-жарағы бар 8 толыққанды жабдықталған жаяу әскерге арналған орын жеткілікті. Қазіргі уақытта Қазақстан Қарулы Күштері үшін «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС зауыты 4х4 «Арлан» БКМ партиясын әзірлеп жатқанын айта кеткен жөн. Отандық зауытта өндірілген аталған броньды машиналардың алғашқы партиясын жеткізу ағымдағы жылға жоспарланған.


 




Дерекнама

Яндекс.Метрика