Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 2,2 есеге, өлім жағдайы 5 есеге азайды

Соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 2,2 есеге, өлім жағдайы 5 есеге төмендеді, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Казахстан25 Қаңтар , 18:29

2015 жылы сырқаттану 11,9%-ға азайып, 100 мың тұрғынға шаққанда  58,5-ті құрады (2014 жылы – 66,4), өлім жағдайы 22,4%-ға төмендеп,  100 мың тұрғынға шаққанда  3,8-ді құрады (2014 жылы – 4,9).

Қазіргі таңда еліміздің барлық аймақтары туберкулезді, сонымен бірге, оның дәрілерге төзімділігі бар түрлерін диагностикалауға арналған заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Республикада қажетті дәрілік заттардың көлемі жеткілікті дәрежеде.

2015 жылы алғашқы рет сезімтал туберкулезбен сырқаттанған адамдарды емдеу тиімділігі жақсарып, 2014 жылы 86,4% болған көрсеткіш 87,6%-ды құрады (ДДҰ стандарты– 85%).

2015 жылдың нәтижесі бойынша сырқаттанған адамдарды туберкулезге дәрілік төзімділігі көп екінші қатардағы препараттармен қамтамасыз ету азаматтық секторда  99,4%,-ды, пенитенциарлық секторда – 98%-ды (ДДҰ стандарты – 85%) құрады. Сырқаттанған адамдарды туберкулезге дәрілік төзімділігі кең үшінші қатардағы препараттармен қамтамасыз ету азаматтық секторда  99,8% (ДДҰ стандарты– 85%) болды. 




Яндекс.Метрика