Парламент

С.Сәпиев: Мен балалар және жасөспірімдер спорты мен баспана мәселесін көтеруге мүдделімін

Мен балалар және жасөспірімдер спорты мен баспана мәселесін көтеруге мүдделімін, деді «Astana Arlans» клубының бас директоры Серік Сәпиев Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.
Астана қаласы 25 Қаңтар, 16:37

«Мен өз кандидатурамды ұсынғанда бірінші кезекте, спорттың дамуына, баспана мәселесін ілгерілету мәселелеріне көңіл бөлгім келеді. Қазір баспана мәселесі өте өзекті, себебі отау құрған жас отбасылар баспана мәселесі ауыр тиеді», - деді ол.

С.Сәпиевтің айтуынша, спорт елдің имиджі, бұл салада да назар аударарлық бірқатар мәселелер бар.

«Бұл олимпиада чемпиоандары алатын стипендиялар, бұл тәжірибе көптеген елдерде қолданылуда», - деді С.Сәпиев.

Айта кетерлігі, спортшы өзін ұсынудың бірнеше мәселелерін әлі шешкен жоқ. Ол өзін-өзі ұсыну арқылы немесе партия атынан ұсынылуы мүмкін.

«Мен бұл жайында ойланып жатырмын, мен «Нұр Отан» партиясының қатарындамын, мүмкін аталмыш партия атынан да шығып қалуым мүмкін», - деді С.Сәпиев.

Айта кетейік, 19 қаңтарда танымал қоғам қайраткері, экс-сенатор Ғани Қасмов Мәжілістің жаңа құрамы туралы өзінің пікірін білдірді. Ол депутаттардың қатарын С.Сәпиев пен И.Ильин сынды спортшылармен толықтыру керектігін айтты.

Индира Кауметова

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика