Парламент

Сенат комитеті Конституциялық Кеңес мүшесінің құзыретін тоқтату мәселесін қарастырды

Кеңейтілген отырыста ҚР Парламент Сенатының конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдарының Комитеті Конституциялық Кеңесінің мүшесі Анар Жайылғанованың өкілеттігін тоқтату бойынша сұрақты қарастырды.
Астана қаласы25 Қаңтар , 16:19

ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасын ұсыну негізінде комитет Парламент Сенатына Конституциалдық Кеңестің мүшесі Анар Жайылғанованың «Нұр Отан» партиясына кіруіне орай, оның өкілеттілігін тоқтату керектігін айтты.

А. Жайылғанова Конституциалық Кеңеске 2008 жылы сайланды. ҚР Конституциясына сәйкес, Парламент 2014 жылы А.Жайылғанованы қайта сайлап, ҚР Конституциялық Кеңесінің жаңа мерзімді мүшесі болып тағайындалды.

А.Жайылғанованың жоғары заңгерлік білімі бар. Өзінің еңбек жолын 1991 жылы ҚР ғылым Академиясында кіші ғылым қызметкері қызметінен бастады. Әр түрлі жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық сотында төреші болып қызмет етті. ҚР Әділет министрлігінің Сот әкімшілігі бөлімінің бастығы, ҚР Президенті Әкімшілігінің  мемлекеттік-құқықтық бөлімінің аға сарапшысы болып қызмет етті. Сондай-ақ, ҚР Жоғары сотының төраға кеңесшісі қызметін атқарды. 2005 жылы ҚР Жоғары сотының төрешісі болып сайланды. 2008 жылы ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен, «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік меделімен марапатталды. «Үздік мемлекеттік  қызметші» Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің белгісімен марапатталды. «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» медалімен марапатталды.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика