Парламент

К.Примкулулы: Мәжіліс пен мәслихатқа өз сайлаушыларының сенім мандаты бар адамдар келу керек

Бүгінгі қиын күндері Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттарға өз сайлаушылармен сенім мандаты бар адамдар келуі тиіс, деп «Химиялық қызметкерлерінің кәсіподағы, мұнайлы химиялық және өнеркәсіптік сала» ОҰ төрағасы Керім Примкулулы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы25 Қаңтар , 15:59

«Біз, химиялық және мұнайлы химия өнеркәсібі кәсіподағының өкілдері Парламент Мәжілісінде болатын мерзімінен бұрын сайлауды қолдаймыз. Мен барлық ірі деген кәсіподақ комитеттерінің төрағалары сөйлесіп шықтым. Барлығы Елбасының шешімін қолдайды»,-деді К.Примулулы

«Президентімізбен бірге бағдарламаларды іске асыруға еңбектенуіміз керек. Олар: «100 қадам», «Нұрлы жол». Біз 20 наурыз күні болатын сайлауға белсене қатысамыз»,-деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды.  Мерзімінен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі.

Анар Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика