Парламент

Ғ.Нығметов: Қазақстандықтар парламенттік сайлауға қатысуда азаматтық жауапкершілікке ие

Қазақстандықтар парламенттік сайлауға қатысуда азаматтық жауапкершілікке ие, деді ОКҚ брифингі барысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығметов.
Астана қаласы25 Қаңтар , 15:53

«Мен Мәжіліс ұсынысын жасаған кезде, қолдап, өз пікірімді білдірген болатынмын. Сол уақыттан бері біздің президентіміз Конституциялық кеңеспен және депутаттармен кездесіп, келіссөздер жүргізіп, Жарлыққа қол қойды. Өз басым, осы шешімді толық қолдаймын. Қазір шынымен де Президент айтқандай, қиын кезеңде, дағдарыс кезінде біздің халқымыз бірге болып, науқандық кезеңді бір жылға созбай, сайлауды өткізу керекпіз. Біз қоғам ретінде осы дағдарысқа жауап іздеп, Президент қойған реформаларды бірге іске асыруға кірісу керекпіз», - деп мәлімдеді Ғ.Нығметов.

Оның айтуынша, мұнай бағасының қашан көтерілетінін күтпей, индустрияландыру, шағын жеке бизнесті дамыту керек.

«Сол себептен қазіргі уақытта алдымызға қойылған мақсаттарды, соның ішінде Президентіміздің 5 реформасы және 100 нақты қадамы аясында көзделіп отырған шараларды үкімет, министрлер, әкімдер бірлесіп, орындауы керек», - деп ойын қорытындылады Ғ.Нығметов.

Естеріңізге салып өтсек, 13 қаңтар күні депутаттар Елбасына үндеу жолдап, Мәжіліс сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді сұраған болатын. Мәжілісмендердің бұл бастамасы Қазақстан азаматтары арасында кеңінен қолдау тапты.

20 қаңтар күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бесінші шақырылған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын және мәслихат депутататтарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Қаулыға қол қойды.




Яндекс.Метрика