Парламент

В.Агаев: Парламенттік мерзімінен бұрын сайлау өткізу Қазақстан халқына пайда әкеледі

Парламенттік мерзімінен бұрын сайлау өткізу Қазақстан халқына пайда әкеледі. Бұл туралы «Хазар» этномәдени орталығының төрағасы Видам Агаев Strategy2050 АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы 25 Қаңтар, 15:49

«Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттарының сайлауын өткізу қазақстандықтардың бірігуіне жол ашады»,-деді ол.

В. Агаевтың айтуынша, Елбасының бастамасымен мемлекет Ұлт жоспары «Бес институционалды реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадамын» уақытылы қабылдады. 

«Менің ойымша қазіргі жағдай түбегейлі өзгерісті талап етеді. Біздің қазақстанның экономикасына өзгеріс керек. Мерзімінен бұрын сайлау өткізу бастамасы Ұлт жоспары аясында атқарылған заң жобалау жұмыстарымен байланысты»,-деді ол

Естеріңізге сала кетейік,  13 қаңтар күні Парламенттің төмеңгі палата депутаттары ҚР Президентіне Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихатта мерзімнен бұрын сайлау өткізу туралы ұсыныстарын білдірді. ҚР Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын сайлауы 2016 жылдың 20 наурыз айында болады.

Индира Қауметова

Фото: astana.gov.kz сайтынан





Яндекс.Метрика