Адами капитал

Астанада «Сәлеметсіз бе, мен сіздердің учаскелік полиция инспекторымын» атты акция басталды

Астана қаласында осы жылғы 25 қаңтар мен 25 наурыз айларында «Сәлеметсіз бе, мен сіздердің учаскелік полиция инспекторымын» атты акциясы өткізіледі, деп хабарлайды әкімдік.
Астана қаласы25 Қаңтар , 19:02

Үш айлық акция барысында астаналық учаскілермен отбасылық қатынастар саласындағы қылмысты  алдын алу мәселелері, азаматтарға құқықтық көмек бойынша, сонымен қатар маскүнемдік, нашақорлық, жеке мүлік қауіпсіздігі сынды жұмыстар атқарылатын болады.

«Сайлау учаскесi туралы толық ақпараттар бар, сондай-ақ мекен-джайлар мен ІІБ-нің кезекші бөлімінің телефон нөмірлері, қызмет көрсететін әкімшілік нөмірлері жазылған буллеттер мен визиткалар тұрғындарға таратылатын болады»,-деп хабарлануда айтылды.

Акция барысында көбінесе отбасылық қарым-қатынастарға, бұзақылық, ішімдік ішкен және мас күйінде қоғамдық орындарға бару сынды жағдайларды қарастыратын болады.

Бұл акция барысында халықпен тығыз байланысып, қылмыстық күресті азайтып, елордада заңның үстемдігін нығайтуға ықпал ететін болады.




Яндекс.Метрика