Адамзаттық капитал

Қазақстан ӘӘК жас ұшқыштары алғаш рет жауынгерлік тікұшақтардың тізгінін ұстауда (ФОТО)

19132 әскери бөлімінің авиациялық базасында Қазақстан Әскери-әуе күштерінің жас ұшқыштары алғаш рет саптық бөлімдерде ұшуға кірісті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Астана қаласы 25 Қаңтар, 19:56

Экипаж командирінің көмекшілері ретінде МИ-17В-5 пен «Еурокоптер» ЕС-145 тікұшақтарында алғашқылардың бірі болып лейтенанттар Арман Қарабалин мен Мәди Ақарыс көк аспанға қалқыды. 

«Менің мақсатым Әскери-әуе күштерінің лайықты ұшқышы және егеменді еліміздің әуе кеңістігін күзету», - деп ойымен бөлісті Ми-17 буынының ұшқышы лейтенант Арман Қарабалин. «Мен осы әскери бөлімде, Отанымыздың елордасында қызмет атқарып жүргеніме қуаныштымын. Ұшқыш болу бала кезімдегі арманым болатын. Тәлімгерлерім мен командирлерімнің үкілеген үміттерін ақтай алатыныма сенімдімін», - деп ЕС-145 буынының ұшқышы лейтенант Мәди Ақарыс сөзін толықтырды.

Жақында ғана 2015 жылдың қазанында бұл бозбалалар Т.Бигелдинов атындағы Кеңес Одағының екі мәрте батыры Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтын тәмамдады. Жас ұшқыш офицерлер ретінде Қазақстан ӘӘК-нің авиациялық базасына келді. Білікті ұшқыштар ретінде бозбалалардың алғашқы ұшуларына жерүсті дайындық пен рұқсат алу үшін сынақ тапсыру негіз болды. ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасында айтып өткендей, жас ұшқыштардың мұндай серпілісі авиаторлардың жас буынының әуеге жылдам қалқып ұшуына, күрделі ұшу кәсібінің барлық бүге-шігесін меңгеруіне және жауынгерлік тапсырмаларды орындауға білек сыбана кірісуге талпынғандарын көрсетеді.


 

 





Яндекс.Метрика