Парламент

Қазақстандағы парламенттік сайлауға 112 мемлекеттің өкілі шақырылады - ҚР ОСК

ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихат депутаттарының сайлауына 112 мемлекеттің өкілі шақырылады. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауға дайындығы мен өткізілуі бойынша семинар-кеңесінде айтып өтті.
Астана қаласы25 Қаңтар , 14:47

Спикердің айтуы бойынша,  Орталық сайлау комиссиясының төрағасымен 18 шетелдік мемлекеттерге,  Орталық сайлау органдарының бірінші басшыларына шақырту жіберілді. Ал Сыртқы істер министрі 18 халықаралық ұйымға шақырту жіберді, және халықаралық ұйымдар шеңберінде 112 мемлекетке  шақырту жіберіледі.

Т.Охлопкованың айтуынша, 2012 жылы 15 қаңтарда мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы кезінде Орталық сайлау комиссиясы мен Сыртқы істер министрлігімен 975 халықаралық бақылаушы мен шет елдік БАҚ өкілдері тіркелді. Сайлау күні сайлау учаскелерінде 43.735 жергілікті және халықаралық бақылаушылар, агенттер мен БАҚ өкілдері мониторинг жүргізді.

Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссия мүшесінің айтуынша, 2015 жылы сәуір айында өткен президенттік сайлауда 1024 халықаралық бақылаушылар мен БАқ өкілдері тіркелген. Ал учаскілерде 31 мыңнан астам адам мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Бұдан бұрын, шетелдік бақылаушылардың Қазақстан парламентінде өтетін сайлауға тіркеу жұмысы 14 наурызда аяқталады деп айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 20 наурыз айында Мәжіліс пен юарлық деңгейлі мәслихат депутаттарының мезгілінен бұрын сайлауы өткізіледі.




Яндекс.Метрика