Парламент

М.Гольдберг: Жаңа Мәжіліске «еңбек мектебін» өткен тәжірибелі адамдар керек

Жаңа Мәжіліске тәжірибесі мол, еңбек жолын өткен адамдар керек. Бұл жөнінде «Алеф» Еврей мәдени-ағартушылық және әлеуметтік-саяси қоғамының төрағасы Моисей Гольдберг Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы 25 Қаңтар, 13:06

«Жаңа Мәжіліске еңбекетене алатын жаңа адамдар қажет. Елбасының айқанындай, «түйреу керек». Біздің Елбасы да үлкен мектеп пен еңбек жолын өтті М. Гольдберг.

Еврей мәдени-ағартушылық және әлеуметтік-саяси қоғамының төрағасының сөзі бойынша, мерзімінен бұрын өтетін сайлау туралы бастама дұрыс шешім.

«Менің ойымша мерзімнен бұрын сайлау өткізу дұрыс бастама. Президенттің жаңа идеялар,жаңа адамдармен жұмыс істеуі қызықты болады деген ойдамын»,-деді М. Гольдберг.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды.  Мерзімінен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі.

Индира Қауметова

Фото: bnews.kz/ru 





Яндекс.Метрика