Қалаларға шоғырлану

Алматылықтарды 2016 жылдың соңына таман жылыжай кешені көкөністермен қамтамасыз етеді

Алматыда 17 гектар жерге жылыжай кешенін салу жұмыстары жүргізілуде. Ал оны пайдалану а.ж. қыркүйек айында жоспарланған. Кешеннің бұл жұмысы жыл сайын Алматыға жаңа піскен көкөністерді жеткізуге, яғни қала сұранысының 16%-ын қамтамасыз етеді, деп әкімдіктің баспасөз қызметінде хабарлайды.
Алматы қаласы25 Қаңтар , 20:12

Айта кететін жайт, Алматы қаласында жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз ету сұрағы қазіргі таңда үлкен мәселенің бірі болып келеді. Бұл сұрақ қызанақтар мен қияр бағаларының  қыс айларында 4-5 есе қымбаттау кезінде актуалды болып келеді.

Жалпы, Алматы қ. жылдық жаңа піскен көкөністерді тұтынушылығы 48,6 мың тоннаны құраса, томат бойынша-34,0 мың тонна, қияр-14,6 мың тонна.

«Маусымаралық қараша-сәуір айларында жаңа піскен көкөністер Қазақстанның оңтүстік өңірлері, Өзбекстан, Қытайға импортталады. 2015 жылы ҚҰР-ға 7,2 мың тонна импортталды. Алайда, отандық тауар өндірушілердің жаңа піскен көкөністері Алматы қ. қажеттілігін жабуға мүмкіндік бермейді. Сол себепті Алматы қаласының әкімділігімен 50 гектар көлем шамасында жылы жай кешендерін құру жұмыстары жүргізілетін болады»,-делінген хабарлануда.

Қазіргі күні Алматы қ. 17 гектар жерге «BRB APK» ЖШС компаниясымен жылыжай кешені салынуда. Кешеннің бұл жұмысы жыл сайын Алматыға жаңа піскен көкөністерді жеткізуге, яғни қала сұранысының 16%-ын қамтамасыз етуге көмегін тигізеді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика