Шағын және орта бизнесті дамыту

1,5 мың қазақстандық кәсіпорын өнімді эскпортқа шығаруға мемлекеттік қолдауға ие болады – ИЖТМ

Экспортшыларға қолдау көрсету бағдарламасы шеңберінде Қазақстанда 1500 отандық кәсіпорын мемлекеттен сервистік және қаржылық көмек алады, деп хабарлады ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан16 Қаңтар , 00:00

«Бүгінде мемлекетте экспортшыларға қолдау көрсетудің кешенді жүйесі жасалған, оның арқасында шетелдік нарыққа шыққысы келетін кез-келген кәсіпорын шетелдік сатып алушыларды іздеуден бастап, эскпорттық операцияларды қаржыландыру мен сақтандыруға дейінгі мемлекеттік қолдау көрсетуге ие болады. Экспортшыларға қолдау көрсету бағдарламасы 1500 кәсіпорынды қамтыған. Мемлекеттік қолдау сервистік және қаржыландыру түрінде көрсетіледі», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Экспортшыларға сервистік қолдау көрсету шеңберінде отандық тауар өндірушілердің экспорттық әлеуетін дамытуға және қазақстандық тауарды сыртқы нарыққа шығаруға бағытталған толық қызмет көрсету спектрі тегін ұсынылады. Осылайша, 840 млн долларға экспорттық келісім-шарттар жасалған.

Қаржылай қолдау көрсету шеңберінде 2010-2012 жылдары 131 кәсіпорынның 530 млн теңгеден астам қаржысы қайтарылып берілді.

2012 жылы Алматы қаласының 19 кәсіпорыны, Оңтүстік Қазақстан облысының 16 кәсіпорыны, Қарағанды облысының 10 кәсіпорыны, Қостанай облысының 9 кәсіпорыны бағдарламаға белсене қатысып, шығындарын қайтарып алды.

Қаржылық қолдау көрсету  - бұл экспортшылардың сыртқы нарыққа шығу кезіндегі шығындарын қалпына келтіру тетігі. Осы құрал шеңберінде экспортшыларға шығындарының (маркетингтік зерттеулерге, жарнамалық-ақпараттық және көрме қызметіне, өнімді тіркеуге және сертификациялауға, шетелдік өкілдікті ашуға және ұстауға, қызметкерлерді оқытуға және экспорттық стратегияны әзірлеуге) 50% қайтарылып беріледі.




Яндекс.Метрика