Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Тимур Құлыбаев: Жаңа технологиялар, мықты маркетинг және мемлекеттік қолдау ҚР құрылыс индустриясын жаңа деңгейге шығарады

«Атамекен» Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен өткен ҚР ҰКП құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру және ТКШ комитетінің есептік жиналысында құрылыс материалдарын өндіру саласындағы импорттың орнын толтыру мәселелері талқыланды, деп хабарлады «Атамекен» ҰКП.
Астана қаласы25 Қаңтар , 15:34

Соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы өсім көрсетіп отыр: 2013 жылы республикада 6 843 млн шаршы метр салынса, 2014 жылы 7 518 млн шаршы метр, ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 8 940 млн шаршы метр шамасына жетіп отыр. Биылғы жылы, EXPO-2017 нысанарының көлемді құрылысын ескере отырғанда, көрсеткіштер былтырғы жылдан төмен болмайтын сияқты.

«Атамекен» ҰКП басшысы сонымен бірге импорттық құрылыс материалдарын отандыққа алмастыру жөніндегі жұмысты белсендірудің және кәсіпорындардың ел аумағына барынша шоғырлануын қамтамасыз етудің, сондай-ақ жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығын атады.

«Құрылыс көлемі және қозғалысы жаман емес, бірақ ішкі нарықты қамтамасыз етіп, сыртқыға шығу үшін, қолда бар өндіріс айналымын арттырып, жаңаларын іске қосу керек. Көршілес елдермен бәсекелесу қиын, алайда онсыз болмайды. Бәсекелестік – бұл дамуға түрткі. Мұнда негізгі үш фактор маңызды: өндірісте тек жаңа технологияларды қолдану, мықты маркетинг және мемлекеттік қолдау», - деп атады Тимур Құлыбаев.

Ұлттық палата басшысы Қазақстандағы құрылыс саласы үшін ең өзекті материалдар мен жабдықтарды шығару бойынша зерттеу жүргізуді тапсырды.  

Ұлттық палата Құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру және ТКШ комитетінің басшысы Александр Белович өз кезегінде елімізде ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес жасалатын мердігерлік шарттармен бірге FIDIC (Federation Internationaldes Ingenieurs-Conseils) стандарттарына сәйкес бизнес жүргізу тәжірибесін енгізуді ұсынды. Ол бұл тұғырнаманың әмбебаптығын баса көрсетіп, республикалық маңызы бар жолдарда 2013 жылдан бері аталмыш стандарттың ойдағыдай енгізіліп келе жатқанын атады.

«Бұл стандартты азаматтық және өнеркәсіптік құрылыста да қолдануға болады, егжей-тегжейлі жазылған және әлемнің көптеген елдерінде кеңінен қолданылады. Аталмыш стандарт орындалған жұмыстың сапасы мен көлемі үшін инженердің жоғары жауапкершілігін, негізгі құрылыс материалдары мен жабдықтарға деген нарықтық баға ауытқуына сәйкес жедел жауап қатуды, құрылыс мерзімін бұзғаны үшін айыппұл шараларын және т.б. көздейді», - деді Александр Белович.

«Атамекен» Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаев бизнес үшін де, мемлекет үшін де оң әсер сақталған жағдайдағы дағдарысқа қарсы шараларды енгізудің және құрылыс саласын қаржыландыруды ынталандырудың маңыздылығына назар аударды.

Құрылыс комитетінің басшысы «Атамекен» басшысына FIDIC келісімшарттарының екі тарап – мердігер және тапсырыс берушіге қатысты алғанда да теңдестірілгеніне әрі әділ болатынына сендірді, себебі тәуекел үшін жауапкершілік тәуекелдерді бақылауға, жауапкершілік алуға және сәйкес шешімдер қабылдауға құзырлы тараптың мойнында болады. Сонымен қатар стандарт Қазақстан Республикасының жеке меншік инвесторлар, Дүниежүзілік Банк, ЕДҚБ, АДҚБ және т.б. есебінен қаржыландырылатын халықаралық құрылыс тендерлерін өткізген кезінде ерекше маңызды. 

ҰКП Басқарма мүшесі Юлия Якупбаева Отандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу жөніндегі ағымдағы жұмыс жайлы баяндады. Аталмыш тізілімде қазірде өңірлер бойынща өндіретін өнім түрі көрсетілген 680-ге жуық өндіруші тіркелген.

Өңірлер бойынша өндірістер картасы жасақталған. Өндірушілер ірі – 77, орта – 266 және шағын – 336 болып жіктелген.  

Тізілімді «Нұрлы жол» бағдарламасы, ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында ірі тапсырыс берушілер және мердігерлер, әкімдіктер мен ТКШ инфрақұрылысын жаңату жөніндегі Орталығы және т.с.с. өңдеп отырады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ есебіне сәйкес, нысандарды салу кезінде 140-тан астам қазақстандық өндіруші өнімі қолданылады.  

Комитет жақын арада отанымызда өндірілетін құрылыс материалдарының импорттың орнын алмастыруы жөніндегі ұсыныстарын таныстырады.

Александр Белович саланы техникалық реттеу саласындағы, соның ішінде жобаларды сараптау функциясын жеке меншік нарыққа беру жөніндегі түйткілдерді атады.

Төралқа Төрағасы аталмыш мәселе бойынша кәсіпкерлердің мүддесіне қысым жасалуын болдырмау үшін, сала реттеушісімен және Үкіметпен тығыз сұхбат жүргізу қажеттігін құптады.  

 

 

 




Яндекс.Метрика