Парламент

Т.Охлопкова: Тәуелсіз бақылау – барлық демократиялық елдер сайлауының міндетті талабы

Тәуелсіз бақылау – барлық демократиялық елдер сайлауының міндетті талабы, деді 2016 жылдың 20 наурызында өтетеін ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлауын өткізу бойынша семинар кеңесте ҚО ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова.
Астана қаласы25 Қаңтар , 12:07

«Тәуелсіз бақылау – барлық демократиялық елдер сайлауының  міндетті талабы.Ол екі негізге сүйенеді: демократиялық сайлауды қамтамасыз етуді мойнына алған нақты міндеті және сайлау үрдісіне қатыспайтын бақылаушы», - деді ол.

ОСК мүшесі атап өткендей, Қазақстан осындай әрекетімен сайлауды бақылаудағы халықаралық ұстанмыға өз үлесін қосады.

«Халықаралық бақылау тек сайлау өткізетін елдің шақырылуымен жүзеге асады. Шақырылған халықаралық бақылаушылар ҚР Үкіметінің назарында болады», - деді Т.Охлопкова.

Ол атап өткендец, 2012 жылдың 15 қаңтарында өткен Мәжіліс пен мәслихат сайлауында ОСК мен ҚР СІМ 975 халықаралық бақылаушы мен БАҚ өкілдерін тіркеді.

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика