Өңірлер

Ақмола облысының аграрилері қазақстандықтарды сапалы ауыл шаруашылығы өнімімен қамтиды (ФОТО)

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапарымен Целиноград ауданының Төңкеріс ауылына барды. Сапар барысында ол «Қадам НС» ЖШС қызметімен танысты. Нысан мал шаруашылығы мен өсімдік өнімдерін қайта өңдеумен айналысады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақмола 25 Қаңтар, 15:18

Кәсіпкерлік директоры Ыдырыс Қожабаев  ауыл шаруашылығы саласында тәжірибеге ие. 2014 жылы фермер ұзақмерзімді қолдану негізінде жер учаскесіне ие болды. Оның жалпы алаңы 13847 га. Қазір бұл жерде ауыл шаруашылығы өнімдері өсіріліп, мал шаруашылығы қызметі қолға алынған. Кәсіпкерлік қазақ ақбасты асыл тұқым ірі қара малының етін алу бойынша  жұмыс істеуде.

«Халықты табиғи және қолжетімді өніммен қамту – өңірдің негізгі мақсаты. Оны шешудің бірден бір жолы  сүтті мал шаруашылығын қолға алу. Сапалы ауыл шаруашылық өнімі – бүгінде сұранысқа ие болып отыр. Бұл іспен айналысу өте тиімді. Себебі, жақын маңда Астана қаласы тұр. Нарыққа тікелей жол бар», - деді облыс әкімі.

Болашақта серіктестік жергілікті халық үшін қосымша жұмыс орындарын ашып, жоғары сапалы өніммен нарықты қамтуды жоспарлауда. 





Яндекс.Метрика