Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Иран санкциялар алынғаннан кейін Тегеранда ірі іскерлік шара өткізеді – ИДМ

Биыл 6-8 ақпан аралығында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Тегеранға (Иран) барады деп жоспарланып отыр, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.
Астана қаласы25 Қаңтар , 12:03

Қазақстандық өнімдерді Иран нарығына (металлөнімдері, құрылыс материалдары, жентек, астық және т.б.) экспорттау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Осыған байланысты «сауда миссиясы» өткізіледі (сатушылар мен тұтынушылардың кездесуі).

Сапар аясында «Бәйтерек» ҰБХ мен «KAZNEXINVEST» экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттіктің ұйымдастыруымен Қазақстан-Иран бизнес-форумы өтеді. Форумда инфрақұрылымдық, өнеркәсіптік жобалар бойынша ынтымақтастықты дамыту, сонымен бірге бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланады. Иранда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері және шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларының тұсаукесері өтеді. Бизнес-форумға Қазақстанның 40-тан астам ірі кәсіпорындарының және Иранның 150 ірі корпорациясының өкілдері қатысады.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешевтің сапар аясында Иранның ресми тұлғаларымен, соның ішінде Көлік және ауыл шаруашылығы министрлерімен, сонымен бірге іскер топ өкілдерімен кездесуі жоспарланған.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика