Парламент

Г.Джаббарлы: Мерзімінен бұрын өтетін сайлау экономикалық мәселелерді шешуге ықпал етеді

Менің ойымша, мерзімінен бұрын өтетін сайлау болып жатқан мәселелердің шешімін табуға көмегін тигізеді. Бұл Үкіметке жаңа заңдар бойынша саяси және экономикалық есептерді шешуге болатын жақсы мүмкіндік. Мен Қазақстанның реформаны сәтті жалғастырып, олардың нәтижелері алдағы уақытта көрінетіндігіне сенімдімін. Бұл жөнінде Еуразиялық қауіпсіздік және стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Гатам Джаббарлы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Әлемде 25 Қаңтар, 11:46

«Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Орталық Азияның дамыған елдер қатарына кірді. Қиындықтарға қарамастан, соңғы 25 жыл ішінде жаңа бастамаларға бағыт алды. Өз тәуелсіздігін бекіту барысында Қазақстан жаңа экономикалық қауіпсіздікті күшейтіп, әлеуметтік жағдайға оң әсерін беруде.  Соңғы кездері жаһандық дағдарыстың Қазақстанға да әсер еткенін көрудеміз. Президент Нұрсұлтан Назарбавев  бірегей Ұлт жоспарын ұсынды. Ол барлық экономикалық кедергілерден өтуге септігін тигізеді. Жаһандық дағдарысқа тойтарыс беру үшін Парламент бірталай жұмыстар атқарып, мерзімінен бұрын сайлау өткізу шешіміне келді. Бұл шешімді Президент қолдады. Бұлардың барлығы Конституцияға толық сәйкес келіп тұрғанын көрудеміз. Аталмыш сайлау болып жатқан түрлі мәселелерге шешім табуға жол ашады деген сенімдемін.  Қазақстан реформасын жалғастырып, алдағы уақытта жемісін көреміз деп ойлаймын»,-деді сарапшы.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды.  Мерзімінен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өтеді.

Данияр Қасымов

Сурет жеке мұрағаттан алынды





Яндекс.Метрика