Парламент

ОСК сайлау кезінде бюджеттік қаржыны үнемді пайдалануға шақырды

ОСК сайлау кезінде бюджеттік қаржыны үнемді пайдалануға шақырды.Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында өтіп жатқан ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу мәселелері бойынша семинар-кеңес барысында ҚР ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов айтты.
Астана қаласы25 Қаңтар , 11:29

ОСК төрағасы атап өткендей, ҚР Конституциясына және халықаралық міндеттемелерге сәйкес ашық, еркін және демократиялық сайлауды өткізуді қамтамасыз ету керек.

«Осы мәселеге үлкен көңіл аударуымыз қажет. Екіншіден, сайлау комиссиялары мүшелерін жүйелі оқытуды ұйымдастыру маңызды. Сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігі мен сайлау процесін ұйымдастырушылардың құқықтық сауаттылығы деңгейінен сайлау заңнамасының іс жүзінде қалай жүзеге асырылатынына байланысты болады. Алдағы сайлаулардың тәжірибесі сайлау комиссияларының ұйымдастырушылық жұмысына оң ықпал етуі тиіс. Бірақ, семинарлар мен тренингтерді өткізу тұрақты тәжірибеге айналуы қажет. Бүгінгі республикалық семинар-кеңесті өткізу арқылы өңірлердегі жұмысқа бастау беріп отырмыз», - деді Қ.Тұрғанқұлов.

Оның айтуынша, сайлаушылардың тізімін тыңғылықты дайындауға назар аудару керек. Бұл тізімдердің нақтылығын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.ОСК сайлау кезінде бюджеттік қаржыны үнемді пайдалануға шақырды.

«Учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушылардың тізімін сайлауға дейін 15 күн бұрын, яғни, 4 наурыздан бастап ұсынуы тиіс. Әкімдіктер 28 ақпанға дейін бұл жұмысты толық аяқтап, тізімдерді тиісті сайлау комиссияларына беруі керек», - деді Қ.Тұрғанқұлов.




Яндекс.Метрика