Парламент

Е.Апхазава: Мерзімінен бұрын болатын парламенттік сайлау президенттік реформаларды тиімді жүзеге асыру үшін қажет

Мерзімінен бұрын болатын парламенттік сайлау президенттік реформаларды тиімді жүзеге асыру үшін қажет. Бұл жөнінде «Колхидская» Грузия әлеуметтік-мәдени орталығының төрағасы Елгуджа Апхазава Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы 25 Қаңтар, 12:34

«Біздің этномәдени бірлестік парламенттік мерзімінен бұрын болатын сайлауды толығымен құптайды. Мәжілістің  бесінші шақырылым депутаттарының жұмыстарын жоғары бағалаймыз. Бұл құраммен халықтың  азаматтық, әлеуметтік және экономикалық белсенділігін арттыру үшін нормативтік-құқықтық базасы бойынша үлкен көлемді жұмыстар атқарылды»,-деді ол.

Оның айтуынша, біздің жасап жатқан қадамдарымыз бес институционалды реформа мен Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жолдауын жүзеге асыруда маңызды.

«Бүгінгі ҚР Парламент Мәжілісінің V шақырылым депутаттарының құрамы тарихи орын алды- ел тарихында бұрын-соңды болмаған ұлттық заңнаманы өзгертті. Президент реформасы аясында қабылданған заңнамалар қоғамның, экономиканың, мемлекеттің дамуына жаңа серпіліс береді»,-деді Е. Апхазава.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды.  Мерзімінен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі.

Индира Қауметова

Фото: astana.gov.kz 





Дерекнама

Яндекс.Метрика